Астана, 2026 ж. 29 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Литва Республикасының Астанадағы Елшісі Эгидиюс Навикасты қабылдады.
Кездесу барысында тараптар екіжақты және халықаралық алаңдардағы Қазақстан мен Литва ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ көлік және логистика салаларындағы іс-қимылды жандандыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Министр Е. Көшербаев Литваның еліміз үшін Балтық өңіріндегі маңызды серіктесі екенін атап өтіп, Вильнюспен өзара тиімді және сындарлы ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.
Елші Э. Навикас оның миссиясына көрсетіліп жатқан қолдау үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындығын мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты одан әрі тереңдетуге, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және түрлі деңгейлерде тұрақты байланыстарды жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1211827?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау