2026 жылғы 29 сәуірде Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайының базасында «Қоғамдағы діни тақырыптың өзектендірілуі жағдайындағы дін және спорт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ ұйымдастырды.
Іс-шара қазіргі қоғамдағы дін мен спорттың өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, сондай-ақ спорт ортасында деструктивті діни идеологиялардың таралуының алдын алу мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін, дін саласындағы сарапшыларды, спорт қауымдастығын және қоғам қайраткерлерін біріктірді.
Негізгі спикер ретінде «AQNIET» қоры директорының халықаралық және өзге де жобалар жөніндегі кеңесшісі Шауметов Әлім Фазылжанұлы сөз сөйледі. Ол діни процестердің спорт ортасына әсері, сондай-ақ жастар мен спортшылар арасында деструктивті идеологияларға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру мәселелері туралы баяндама жасады.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар келесідей мәселелерді талқылады: дін және спорт саласындағы қазіргі заманғы сын-тегеуріндер, спорттық қызметтегі зайырлы қағидаттардың маңызы, жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігі.
Іс-шара қорытындысы бойынша сұрақ-жауап сессиясы өтті, оның барысында қатысушылар пікір алмасып, практикалық ұсынымдар берді. Дөңгелек үстел қатысушыларға сертификаттар табыстаумен аяқталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-din/press/news/details/1211728?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау