АПАЕВ ЭЛЬДАР ХУСЕЙНОВИЧ
Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалды
Ол, 1996 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келді.
2019 жылы Қырғыз ұлттық медицина академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.
2019 жылы Қырғыз ұлттық медицина академиясын «отбасылық медицина» мамандығы бойынша бітірді.
2022 жылы Жусуп Баласағун атындағы Қырғыз Мемлекеттік Университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
2023 жылы Семей медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша денсаулық сақтау магистрін аяқтады.
Еңбек жолын 2018 жылы, Қырғызстан Республикасында «Не болит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Бас директор қызметінен бастады;
2019-2020 жылдары Қырғызстан Республикасының «Гемотест КТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Бас дәрігердің орынбасары;
2020-2021 жылдары Қырғызстан Республикасының «Гемотест КТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Бас директор;
2022-2023 жылдары Қордай аудандық орталық ауруханасының Сортөбе ауылдық ауруханасында жалпы практикалық дәрігері және Ауқатты дәрігерлік амбулаториясында жалпы практикалық дәрігері;
2023 жылғы қараша айынан Қордай аудандық орталық ауруханасының эпидемияға қарсы жұмыс бойынша орынбасары;
2026 жылдың 23 ақпанынан бастап Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері міндетін қоса атқаруда.
Облыс әкімінің өңірлік кадр пулын қалыптастыру мақсатындағы «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ұйымдастырушы» медицина қызметкерлері арасында өткен облыстық конкурста жеңімпаз атанып, кәсіби көшбасшылар резервіне енген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1211472?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау