Қостанай облысында «мас күйіндегі» қылмыстар саны азайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

27 сәуірдегі жағдай бойынша облыста алкогольдік мас күйінде жасалған қылмыстар 16,5%-ға төмендеп, 212-ден 177 дерекке дейін азайды.
Бұл бағытта полиция жүйелі жұмыс жүргізуде: профилактика, рейдтер, алкоголь өнімдерінің айналымын бақылау және ведомствоаралық өзара іс-қимыл.
«Қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішкені үшін 6 мыңнан астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ресми ескертулер сияқты жаңа профилактикалық шаралар белсенді қолданылуда. Қауіпсіздік тек полицияға ғана емес, әрбір азаматқа байланысты екенін түсіну маңызды. Азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және алкогольді шамадан тыс пайдаланбауға шақырамыз», — деді Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сункар Сулейманов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-toktarov/press/news/details/1211044?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version