Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қызылорда қаласының және Арал, Қазалы аудандарының 2025 жылға аудандық бюджетінің жоспарлануы мен атқарылуының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша комиссия мүшелері баяндама жасап, бюджеттің жоспарлануы мен атқарылуы мәселелері жан-жақты қаралып, талқыланды.
Отырысқа Қызылорда қаласының және Арал, Қазалы аудандары әкімдерінің орынбасарлары мен аудандық және қалалық бөлімі басшылары мен мамандар қатысты.
Өз кезегінде комиссия С.Қ.Қармыс баяндама барысында Қызылорда қаласында аудит объектісінен мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтарының нормалары сақталмағандығынан рәсімдік сипаттағы орын алған бұзушылықтардың саны 17 бірлікті, оның ішінде бюджет заңнамасын бұзушылықтар 6 бірлікті, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманы бұзушылықтар 4 бірлікті және өзге де салалық заңнаманы бұзушылықтар 7 бірлікті құрағандығына тоқталып, аталған мәселелер бойынша шаралар қабылдау қажеттігін жеткізді.
Комиссия мүшесі Б.Т.Пшанов баяндама барысында Арал ауданында мемлекеттік аудит нәтижесімен қолданыстағы заңдылықтар нормалары сақталмауынан 33 бірлік бұзушылық анықталған, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 3465,3 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 71791,0 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар – 27 бірлік. Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі 473 658,6 мың теңгені құрағанын баяндады.
Қазалы ауданы бойынша аудит объектілерінен мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтарының нормалары сақталмағандығынан 9 бірлік бұзушылық анықталған, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 574 179,0 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 3 585 308,4 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар – 7 бірлікті құрағанына тоқталды.
Отырыс барысында тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Н. Р. Қордабай мен комиссия мүшелері көтерген бірқатар сауалдарға қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ аудандық және қалалық бөлімдерінің басшылары мен мамандары жауап берді. Жиын қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының тиісті қаулылары қабылданып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шараларды орындау мақсатында ұсынымдар жолданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1211736?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау