Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу» қағидаларына сәйкес өткізілген конкурс нәтижесі бойынша Шет аудандық мәдени-сауық орталығының директоры лауазымына Бесимов Нұржан Тұрсұнұлы тағайындалды.
Бесимов Нұржан Тұрсынұлы 1983 жылы дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар.
Алғашқы еңбек жолын 2003-2008 жылдары Ақадыр кенті мәдениет үйінің концертмейстер қызметінен бастаған.
2005–2013 жылдары ҚОФ «Қазпочта» АҚ Ақадыр пошта байланыс торабында программист, 2013-2026 жылдары Ақадыр кенті Ш.Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығының директоры лауазымын атқарған. Басшылық лауазымдағы еңбек өтілі – 13 жыл.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1211809?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау