ШҚО ПД жанындағы ККО-да заңдылық мәселелері мен криминалистер жұмысының нәтижелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ПД жанындағы ККО-да заңдылық мәселелері мен криминалистер жұмысының нәтижелері қаралды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде Консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасы Конституциясының заманауи құқық қорғау жүйесін қалыптастырудағы рөлін талқылау болды. Қатысушылар конституциялық нормаларды іске асыру қоғамның полицияға деген сенімін арттыруға тікелей ықпал ететінін және азаматтармен ашық әрі тиімді өзара іс-қимылды қалыптастырудың негізі екенін атап өтті. Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету ішкі істер органдарын дамытудың басым бағыты ретінде айқындалды.

ШҚО ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Қуат Рахимбердин:

«Заманауи полицияның күші мәжбүрлеуде емес, қоғам сенімінде. Адам құқықтары құқық қорғау органдары жұмысына кедергі емес, керісінше тиімді әрі заңды қызметтің негізі болып табылады», – деп атап өтті.

Отырыс аясында қатысушылар Жедел-криминалистикалық басқармасының жұмыс нәтижелерімен танысты. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша криминалистер ауқымды жұмыс атқарды: 492 оқиға орны қаралып, 410 криминалистикалық зерттеу жүргізіліп, олардың қатысуымен 83 қылмыс ашылған.

Кездесу соңында криминалистикалық бөлімшенің қызметіне оң баға берілді. Қатысушылар азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың, заманауи технологияларды дамытудың және полиция жұмысында заңдылық пен ашықтық қағидаттарын жүйелі түрде енгізуді маңызды деп бекітті.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1211324?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version