Тас жолдағы велосипед спортынан әлем чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтің жүлдесіне арналған 15-16 жастағы ұлдар арасындағы республикалық веложарыс өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты жас шабандоздар қатысқан додада Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Ұлан Мұратов жоғары дайындығын көрсетті.
Жарыс барысында жерлесіміз екі бірдей жүлдеге ие болды:
-
15 шақырымдық жекелей жарыста Ұлан Мұратов күміс медаль иеленді;
-
Төртінші кезеңде өткен тартысты «критериум» бәсекесінде қола жүлдені қанжығасына байлады.
Жас спортшымызды және оның бапкерлерін табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Бұл жеңіс өңіріміздегі велоспорт мектебінің әлеуеті жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1211647?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау