ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының жастары, атап айтқанда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің белсенді студенттері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне арнайы барып, депутаттармен тағылымды кездесу өткізді.

Іс-шара аясында қатысушылар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жарқынбек Амантайұлы, Данабек Ержанұлы және Нұрсұлтан Төленұлымен жүздесіп, ел дамуы, заң шығару қызметі және мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктері жөнінде пікір алмасты.

Кездесу барысында жастар Парламент Мәжілісінің жұмыс тәртібімен танысып, арнайы экскурсия аясында заң шығару үдерісінің кезеңдері мен қызметтік құрылымы туралы ақпарат алды.

Сонымен қатар, студенттер мен халық қалаулылары арасында еркін форматта сұхбат ұйымдастырылып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Депутаттар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға кәсіби және тұлғалық даму бағытында ақыл-кеңестерін жеткізді.

Аталған іс-шара студент жастардың саяси-құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың мемлекеттік басқару институттарына қызығушылығын күшейтуге және азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталған маңызды танымдық алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1211508?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version