Созақ аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс 40-шы сессиясы өтіп, сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Жәмиев Ордабек Мырзабекұлы жүргізді. Сессия барысында мына төмендегі мәселелер қаралды.
1. Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №82 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2.Созақ ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
3. Созақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» №95 шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
4. Созақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №176 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аталған мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары хабарлама жасап, депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныс пікірлер айтылды.
Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары жоғарыдағы аталған мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak-maslihat/press/news/details/1211426?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version