Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына ұсыныстар бойынша семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 29 сәуірінде Қостанай облысы Әділет департаментінің этика жөніндегі уәкілі Т.О. Нажиканов қызметкерлерге жаңа саяси құжат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу бойынша семинар өткізді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес, барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге міндетті.

Жаңа Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде Мемлекет басшысы белгілеген «Әділ Қазақстан», «Адал Азамат» және «Заң мен тәртіп» қағидаттары ескеріледі, бұл олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктеріне интеграциялануын қамтамасыз етеді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық қасиеттері және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1211191?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version