«ҰЛТТЫҚ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ФАРХАТ АБЫТОВ БҰҰ ЕЭК РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ БЮРОСЫНЫҢ ВИЦЕ-ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 сәуірде Женева қаласында өткен «Ресурстарды басқару апталығы» аясында «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Фархат Абытов БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Ресурстарды басқару жөніндегі бюросының вице-төрағасы болып сайланды.

БҰҰ ЕЭК-тің Ресурстарды басқару жөніндегі бюросы — табиғи ресурстарды тұрақты басқару саласындағы жаһандық күн тәртібі қалыптасатын БҰҰ-ның маңызды алаңы. Бюро БҰҰ аясында 56 елдің сарапшыларын біріктіріп, энергетикалық көшу жағдайында жауапты жер қойнауын пайдалану және шикізаттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шешімдер әзірлейді.

Айта кету керек, Бюроның вице-төрағасы қызметі қоғамдық негізде жүзеге асырылады және сараптамалық-консультативтік сипатқа ие.

«Вице-төраға болып сайлану — халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, қазақстандық сарапшылардың әлеуетін арттыруға берілген мүмкіндік. Біздің басты міндетіміз — БҰҰ ЕЭК өңірі елдерімен әріптестікті кеңейту, бірлескен жобалар үшін озық тәжірибелер мен сараптаманы тарту, сондай-ақ тұрақты ресурстарды басқару жөніндегі жаһандық диалогта Қазақстанның мүддесін ілгерілету. Әлемдік шикізатқа сұраныстың артуы жағдайында туындап отырған сын-қатерлерге тек ашық өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу арқылы ғана жауап бере аламыз деп сенемін» – Фархат Абытов атап өтті.

«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ БҰҰ жүйесіндегі халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүйелі түрде нығайтып келеді.

Бюроның басшылық құрамына сайлану геология және тұрақты жер қойнауын пайдалану саласында бірлескен бастамаларды іске асыру мен білім алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1211297?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version