«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Патрульдік полиция батальонымен бірлесіп кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
– Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ көлік құралдарын есірткілік масаң күйде басқару деректеріне жол бермеу. Ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше назар аударылуда. Мас күйдегі жүргізушілерді дер кезінде анықтау азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін ықтимал қатердің алдын алуға мүмкіндік береді, – деді Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.
Қызметтік жұмыс аясында жеке құрамның саптық жиындары өткізіліп, онда жедел ахуал жөніндегі ақпарат жеткізіледі. Сондай-ақ қызмет атқару барысында заңнама талаптары мен «Заң мен тәртіп» қағидаттарын сақтау бойынша нұсқамалар беріледі.
– Бұдан бөлек, полицияның кинологиялық қызметінің қызметтік иттерін тарта отырып, автокөлік құралдары тексерілуде. Бұл шаралар есірткі заттарының заңсыз айналым арналарының жолын кесуге және анықтауға бағытталған. Соның нәтижесінде олардың халық арасында таралуына тосқауыл қойылады, – деп қосты полиция полковнигі Әбікеев.
Полиция «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1211574?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау