Жас өнертапқыштың тың идеясы – археология әлеміндегі жаңа қадам

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Ныгметов Ансар бала кезінен-ақ программалау мен робототехника салаларына ерекше қызығушылық танытып келеді. Бүгінде ол RobotecGrandTournament, WRO және STEM олимпиадаларының тұрақты қатысушысы ретінде өз білімін үнемі шыңдап жүр.

Осы оқу жылында Ансар халықаралық FIRST Championship байқауына қатысып, көпшілікті таңғалдырған ерекше инновациялық жобасын ұсынды. Биылғы байқаудың тақырыбы археология болғандықтан, жас зерттеуші осы бағытта тың идеяны жүзеге асырды.

Ансар әзірлеген мобильді қосымша кез келген тарихи заттың жасалу уақытын, қай дәуірге немесе ғасырға жататынын және оның жасалған материалын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, мектеп мұражайында сақталған көне жебенің материалын анықтап, оның IX–XII ғасырларға жататынын көрсеткен. Бұл нәтиже археологиялық зертхана сараптамасымен толық сәйкес келген.

Жоба барысында тексерілген өзге де бұйымдардың мерзімі мен құрамы да жоғары дәлдікпен янықталып, қосымшаның ғылыми әлеуеті айқындалды.

Ансардың бұл бастамасы – жас зерттеушінің ізденісі мен жаңашыл ойының жемісі. Алдағы уақытта жоба одан әрі жетілдіріліп, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен түрлі байқауларға ұсынылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1211361?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version