1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 мамыр – Қазақстандағы барлық ұлттардың бірлігін, татулығын дәріптейтін ерекше мереке. 

Осы мерекеге орай Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері ерекше іс-шара ұйымдастырды.

Олар әр ұлттың дәстүрін жаңғыртып, әр ұлттың ұлттық киім киіп, түрлі халықтың ұлттық тағамдарын дайындап,  ынтымақ пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Мерекеде Департамент басшылығы әр аудандық пробация  қызметкерлерінің ұлттар бірлігін насихаттайтын қойылымдарын тамашалап,  әр аудан қызметкерлерінің өнеріне лайықты баға берді.

Қатысушылардың өнерін саралау оңай болған жоқ — өйткені әрқайсысының өнері ерекше, әрқайсысы шынайы өнер көрсетті.

Ұлттар бірлігін насихаттаған қатысушыларға Департамент бастығының Алғыс хаты тапсырылды.

Бұл мереке тек дәстүр мен өнер сайысы ғана емес. Сонымен бірге ұлттар арасындағы өзара құрмет пен түсіністіктің белгісі болды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1212242?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version