1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» тақырыбында оқушылармен дөңгелек үстел өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қамысқала ауылдық округінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» тақырыбында оқушылармен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара кітапханашы А. Исалдаеваның ұйымдастыруымен өтті.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа еліміздегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің маңызын түсіндіру, түрлі этнос өкілдерінің арасындағы достық пен татулықты насихаттау, сондай-ақ оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру болды.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстандағы көпұлтты қоғамның бірлігі – ел дамуының басты негізі екені айтылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, достық, сыйластық және ынтымақ туралы пікірлерімен бөлісті. Олар әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу – бейбіт өмірдің кепілі екенін атап өтті.

Шара барысында кітапханашы А. Исалдаева оқушыларға бірлік пен келісім тақырыбында мазмұнды ақпарат беріп, ел ішіндегі татулықты сақтау әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін түсіндірді. Сонымен қатар, оқушыларға патриоттық тәрбие беруге бағытталған сұрақ-жауап форматындағы әңгіме жүргізілді.

Аталған іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1212816?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version