29 сәуір күні Қарағанды қаласында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттаудың әдістері мен формалары» тақырыбында Жаңа Конституция аясында облыстық семинар өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

29 сәуір күні Қарағанды қаласында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттаудың әдістері мен формалары» тақырыбында Жаңа Конституция аясында облыстық семинар өтті.

Семинар барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің, сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ өкілдері облыстық және өңірлік құрылымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау қағидаларын жан-жақты түсіндірді.

Семинарды ашқан Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Аймағамбетов мемлекеттік рәміздер еліміздің егемендігін айқындайтынын, ал оларға құрметпен қарау әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті.

Қатысушылар мұндай іс-шаралардың мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау және оларды дұрыс қолдану мәдениетін қалыптастырудағы маңызын ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-ishki-sayasat/press/news/details/1212113?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version