26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күніне әлеуметтік төлем
берілді:
– Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқан адамдарға және апат салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 200 мың теңгеден
Әлеуметтік көмекті 2 млн теңге сомада барлығы 10 адам алды
7 мамыр – Қазақстан Республикасындағы Отан қорғаушылар күніне әлеуметтік төлем
берілді:
– 1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде тәжік-ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 200 мың теңгеден
– 1986-1991 жылдар аралығында Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне 200 мың теңгеден
Әлеуметтік көмекті 4 млн теңге сомада барлығы 20 адам алды
9 мамыр – Жеңіс күніне әлеуметтік төлем
берілді:
– Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 100 мың теңгеден
– 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарға 100 мың теңгеден
– Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның зайыбына (жұбайына) 50 мың теңгеден
– бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 50 мың теңгеден
Әлеуметтік көмекті 14 млн 250 мың теңге сомада барлығы 149 адам алды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1212109?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау