Әзербайжанда ЭЫҰ туризм министрлерінің 7-отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әзербайжанның Шуша қаласында Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің туризм министрлерінің 7-отырысы өтті. Жиынға ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауыржан Рапиков қатысты.

Іс-шара «Шуша – Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының 2026 жылғы туристік астанасы» бастамасы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында туризмді әртараптандыру, экотуризмді дамыту, өңірлік туристік бағыттарды ілгерілету, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар туризм мәселелері бойынша Жоғары деңгейдегі сарапшылар тобының 9-отырысының қорытындылары ұсынылып, бекітілді. Бұдан бөлек, экотуризм саласындағы озық тәжірибелер жинағы мен туристік саланы әртараптандыруға арналған бағдарламалық құжат таныстырылды.

Жиын қорытындысында туризм саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайтын «Шуша декларациясы» қабылданды.

Сондай-ақ тараптар 2030 жылға арналған ЭЫҰ туристік астанасын айқындау мәселесін талқылап, келесі, 8-отырыстың өткізілу күні мен орнына қатысты пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1212866?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version