Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Ж.С.Мамерханованың төрағалығымен Шахтинск қалалық мәслихатының кезекті XXVII сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібіне шамамен 15 мәселе енгізілді, оның ішінде «Қарағанды облысын газдандырудың өңірлік жобасын Шахтинск қаласында кезең-кезеңімен іске асыру барысы туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша сессия алдында уақытша жұмыс комиссиясы жұмыс жүргізді. Негізгі баяндамамен Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика және газдандыру бөлімінің басшысы А.С. Қуаныш баяндама жасады. Депутаттық корпустың қорытындысымен қалалық мәслихат депутаты Р.Г. Миннуллин таныстырды.
Сессия барысында қалалық мәслихат төрағасының 2025 жылға атқарылған жұмысы туралы есебі тыңдалды. Есепті мәслихат төрағасы Ж.С. Мамерханова ұсынды.
Сонымен қатар, консультативтік-кеңесші органдардың дербес құрамын бекітуге қатысты бірқатар басқа да мәселелер қаралды.
Сессия жұмысына қала әкімі М.Е.Қыдырғанбеков, қала әкімінің орынбасарлары, кенттердің әкімдері, әкім аппаратының басшысы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ қалалық Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1212247?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау