Ақмолалық оқушылар Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиадада үздік үштікке енді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27-30 сәуір аралығында Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Республикалық кезеңде Ақмола облысының намысын 7 оқушы қорғады. Олар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

ІІ-дәрежелі дипломмен:  

1.Бектасова Аяжан  – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

2.Қазкен Аруна – Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

3.Құлшымбек Қарлығаш – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының 11-сынып оқушысы марапатталды.

Сонымен қатар, грамотамен Целиноград ауданы, Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Ғажайып Кәусар марапатталды.

Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1212236?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version