Ашық есік күні.
2026 жылдың 30 сәуірдегі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның экономика және қаржы бөлімі № 1 Новоишим орта мектебінің оқушыларына арналған Ашық есік күнін ұйымдастырды.
Іс-шара шеңберінде бөлім басшысы А.Р. Елжанова таныстыру кездесуін өткізді, онда оқушыларға бөлімнің қызметі, оның негізгі міндеттері туралы айтып берді, сондай-ақ қазіргі жағдайдағы қаржыгер мамандығының маңыздылығы мен келешегін атап өтті.
Сонымен қатар, оқушылар Азаматтарды қабылдау орталығында болып, бас маман Терентьева А.А. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттары туралы мазмұнды әңгімелесіп, қатысудың шарттары мен түлектерге ұсынылатын мүмкіндіктерді егжей-тегжейлі түсіндірді.
Ашық есік күні достық және танымдық атмосферада өтіп, оқушылардың экономика саласына және жастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/finance-musrepov/press/news/details/1212482?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау