Атырауда әдеби кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

АТЫРАУДА ТАНЫМАЛ ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚАТЫСҚАН ӘДЕБИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«КІТАП – ДОСТЫҚ АМБАССАДОРЫ» – жай ғана кездесу емес, ой мен рухтың, идея мен шабыттың тоғысқан алаңына айналған әдеби кеш.

Бүгін Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өткен бұл басқосу мазмұны терең, әсері ерекше мәдени оқиға ретінде есте қалды.

Кештің басты ерекшелігі – қазақ әдебиетінің танымал тұлғаларының қатысуы болды. Ақын Ерлан Жүніс, жазушы Бейбіт Сарыбай, прозашы Қанат Әбілқайыр және жазушы-драматург Әлішер Рахат әдебиет, кітап нарығы, оқу мәдениеті туралы өзекті ойларымен бөлісіп, оқырманмен ашық диалог құрды.

Кездесу барысында әдебиетсүйер қауым рухани әсер алып, қаламгерлермен тікелей байланыс орнатып, жаңа ой мен тың көзқарасқа қадам жасады.

Бұл кеш – кітап арқылы адамдарды жақындастыратын, рухани байланысты нығайтатын, мазмұнды мәдени кездесу ретінде жоғары деңгейде өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1212479?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version