Аудан әкімі Арман Романұлының бастамасымен қолға алынған Жаушықұм–Қалғансыр жолының жаңа құрылысы қарқынды жүргізілуде:

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шардара ауданы үшін маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Жаушықұм мен Қалғансыр елді мекендерін жалғайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолының құрылысы жүйелі түрде жүзеге асуда. Аталған бастама аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаевтың қолдауымен қолға алынып, тұрғындардың ұзақ жылдар бойғы сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.
Жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын жол құрылысының құны 483 миллион теңге көлемінде. 2025 жылы жобаның алғашқы кезеңі аясында жолдың негізін дайындау жұмыстары атқарылып, су өткізгіш құрылғылар орнатылды, темір-бетон құбырлар төселді және жер төсемі тегістелді. Жоба өтпелі ретінде 2026 жылға жоспарланып, биыл негізгі құрылыс жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда мердігер мекеме құрылыс қарқынын үдетіп, белгіленген кестеге сай жұмыс жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 2 сәуірден басталып, мамыр айының соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде. Аудан әкімі нысан басына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жауапты сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді.
Бұл жолдың пайдалануға берілуі елді мекендер арасындағы көлік қатынасын едәуір жақсартып, тұрғындардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды қадам болмақ.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі!!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1212062?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version