Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні сағат Мәртөк ауданының әкімі М. Ысқақовтың төрағалығымен, аудан прокурорының, аудандық полиция бөлімінің және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен аудандық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілді.
Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды: – есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі айналымына қарсы іс-қимыл (тарату, жарнамалау, интернет арқылы сату); – ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру, сәйкестендірілмеген жануарларды анықтау, есепке алу және мал ұрлығының алдын алу; – жазғы және каникулдық кезеңде кәмелетке толмағандар арасында скутерлерді, мопедтерді, мотоциклдерді және өзге де көлік құралдарын басқаруға байланысты құқық бұзушылықтардың профилактикасы. переевди на руский
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1212172?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау