БАД-ты цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елімізде 2025 жылғы 28 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында жүзеге асырылған тағамға биологиялық белсенді қоспаларды (БАД) цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба сәтті аяқталды. Жоба Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 164-НҚ бұйрығымен бекітілген табыстылық критерийлеріне толық сәйкес келді.

Пилоттық жобаны іске асыру нарық қатысушыларының БАД-ты міндетті цифрлық таңбалауды енгізуге технологиялық және ұйымдастырушылық тұрғыдан дайын екенін көрсетті. Эксперимент нәтижелері таңбалау және қадағалау үдерістері қолданыстағы өндірістік және қоймалық операциялармен көп жағдайда сәйкес келетінін, сондай-ақ өндірістік желілер мен логистикалық үдерістердің өнімділігі мен жұмыс жылдамдығына теріс әсер етпейтінін растады.

Алынған нәтижелер БАД-ты міндетті таңбалау және қадағалауды енгізу бойынша кейінгі шешімдерді әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында БАД-ты міндетті таңбалауды енгізуді реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілер әзірленуде.

Міндетті цифрлық таңбалауды енгізу тұтынушыларды контрафактілік және әлеуетті қауіпті өнімдерден қорғау деңгейін арттыруға бағытталған. Цифрлық ізді қалыптастыру әрбір тауар бірлігінің қозғалысын – өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап түпкілікті тұтынушыға дейін қадағалауға мүмкіндік беріп, өнімнің түпнұсқалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1212274?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version