Балалар қауіпсіздігі – басты назарда: Шымкент полициясында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы полиция департаментінде ювеналды полиция инспекторларының қатысуымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған жиын өтті.

Жиын барысында департамент бастығы Мұхтар Қожаев алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындап, білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Мектеп әкімшілігімен, педагогтармен және ата-аналармен жүйелі өзара іс-қимыл ғана тәуекелдерді дер кезінде анықтап, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік беретіні айтылды.

Балалардың қауіпсіздігіне оқу процесі кезінде де, одан тыс уақытта да ерекше назар аударылды. Инспекторларға оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Сонымен қатар, тәуекел тобына жататын жасөспірімдермен жеке жұмыс жүргізу және кез келген алаңдатарлық белгілерге жедел әрекет ету қажеттігі ерекше атап өтілді.

Жиында профилактиканың – тұрақты әрі жүйелі жұмыс екені айтылды. Тек отбасы, мектеп және полицияның тығыз байланысы арқылы ғана өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға болады.

Қорытынды бойынша ювеналды полиция қызметінің тиімділігін арттыруға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1212132?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version