«БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ФАКТОРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 сәуір күні Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарының басшыларымен «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласының мәслихат депутаттары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының директоры, Департамент жанынан құрылған педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Семинарды Департамент басшысы Р. Әліш ашып, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген білім беру саласындағы негізгі қағидаттарға кеңінен тоқталды. Ол мемлекет әрбір азаматтың тегін әрі міндетті орта білім алуына кепілдік беретінін атап өтті.
Сонымен қатар, Конституциялық қағидаттардың білім беру жүйесіндегі маңызын айқындай келе, келесі негізгі бағыттарды ерекше атап өтті:
* білім беру стандарттары арқылы қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтып, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;
* білім мен ғылымды мемлекет дамуының стратегиялық басымдығы ретінде қарастыру;
* педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру және олардың еңбегін лайықты бағалау;
* жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі арқылы қаржының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету;
* мектептер мен колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңғыртып, заманауи білім беру ортасын қалыптастыру.

Семинар барысында қатысушылар білім беру ұйымдарында конституциялық құндылықтарды насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, педагогтердің құқықтарын қорғау және білім сапасын арттыру бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, саладағы заңнамалық өзгерістер мен оларды тәжірибеде тиімді қолдану жолдары қарастырылды.
Іс-шараға қатысушылар білім беру ұйымдарында конституциялық қағидаттарды одан әрі ілгерілету, құқықтық сауаттылықты арттыру және сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша сөз сөйлеп, ұсыныстарын ортаға салды.
Семинар білім беру жүйесіндегі құқықтық мәдениетті нығайтуға, педагогтердің кәсіби қызметін қолдауға және білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-shymkent/press/news/details/1211835?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version