Дәрілік заттардың шекті бөлшек сауда бағаларын «Dari.kz» мобильді қосымшасы арқылы тексеру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Dari.kz» мобильді қосымшасы дәрілік заттардың шекті бөлшек сауда бағаларын бақылауға арналған. Аталған қосымшаны пайдалану дәрілік заттардың қолжетімділігі мен баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. «Dari.kz» қосымшасының көмегімен пайдаланушылар баға саясатының бұзылуы туралы оңай және жылдам хабарлай алады. Ол үшін:

1)тауар чегінің және дәрілік заттың қаптамасының фотосын жүктеу;

2)аумақтық деңгейдегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменттеріне автоматты түрде жіберілетін өтінішті жолдау жеткілікті.

Сонымен қатар, «Dari.kz» қосымшасы дәрілік заттарды қолданғаннан кейін туындаған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді, бұл медициналық препараттардың сапасын бақылауды жақсартуға ықпал етеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабы 1-бөлігіне сәйкес дәрілік заттардың белгіленген шекті бөлшек сауда бағаларын арттырғаны үшін мынадай айыппұлдар қарастырылған:

– жеке тұлғаларға – 70 АЕК;

– лауазымды тұлғаларға – 100 АЕК;

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 130 АЕК;

– орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 000 АЕК.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1212082?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version