Дәстүрден инновацияға: Ыбырай Алтынсарин идеялары негізінде білім беруді дамыту мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысында Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі базасында ұлы ағартушы, педагог және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсариннің рухани-педагогикалық мұрасы және ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Әдістемелік орталық ұйымдастырып, Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің қолдауымен өткізілді. Конференцияны тікелей ұйымдастыруды Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі жүзеге асырды.
Ауқымды жиын еліміздің түкпір-түкпірінен келген 140-тан астам қатысушыны біріктірді. Олардың қатарында ғылым және білім саласының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, докторанттар, ғылыми қызметкерлер мен қоғам қайраткерлері бар.
Конференция қазіргі білім беру жүйесін дамыту мәселелерін талқылауға және Ыбырай Алтынсариннің рухани-педагогикалық мұрасын заманауи талаптар тұрғысынан зерделеуге арналған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар дәстүрлі құндылықтардың сабақтастығы мен білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Пленарлық және секциялық отырыстар барысында ұлттық білім беру моделін қалыптастырудағы Алтынсарин идеяларының рөлі, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі, педагогика ғылымының дамуы, сондай-ақ заманауи білім беру технологияларын енгізу мәселелері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар отандық педагогиканың озық дәстүрлерін халықаралық тәжірибемен ұштастыру бағыттарына басымдық берілді.
Конференция қорытындысы бойынша білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге, мамандар даярлау сапасын арттыруға және елдің ғылыми-білім беру әлеуетін дамытуға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді.
Мұндай іс-шараларды өткізу кәсіби диалогты нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және ұлттық құндылықтарға негізделген, инновациялық дамуға бағытталған бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1212050?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version