«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 30 сәуірінде Қостанай облысы Әділет департаменті прокуратурамен және облыс әкімдігімен бірлесіп «Халық заңгері» республикалық акциясын өткізді. Азаматтарға тегін құқықтық кеңес алу мүмкіндігі берілді. Жетекші адвокаттар, нотариустар, заң консультанттары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін, атқарушылық іс жүргізудің ерекшеліктерін түсіндіріп, сондай-ақ азаматтардың жеке өтініштеріне жауап берді. Мұндай акциялар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға бағытталған. Ұйымдастырушылар құқықтық ағарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1212332?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау