Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылғы 22 сәуірдегі №125/137 НҚ бірлескен бұйрығы негізінде,2026 жылғы 19–25 сәуір аралығында «Вакциналар әрбір ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұранымен өтетін Еуропалық иммундау апталығы аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ұйымдастыруымен облыстық медицина қызметкерлерінің иммунопрофилактика бойынша білімін жетілдіру мақсатында 2026 жылғы 29 сәуірде «Ясин» медициналық орталығында облыстық семинар өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аталған семинарға емханалар басшыларының орынбасарлары, эпидемиологтар, инфекционист дәрігерлер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатрлар, телім мейірмекелері сондай-ақ қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты.
Семинар барысында бірқатар сала мамандары баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда:
– Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Шорбасова Г.С.;
– Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімше меңгерушісі, облыстық штаттан тыс бас инфекционист Нұржанова Г.А.;
– Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы Қадыр М.Ж.;
– Бейнеу аудандық көпбейінді орталық ауруханасы басшысының ана мен бала ісі жөніндегі орынбасары Мархабаева А.Т.
Семинарда иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері талқыланып, вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы маңызы ерекше атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1212147?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version