Маңғыстауда халықаралық Kids Athletics балалар жобасы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен елімізде балалар жеңіл атлетикасын дамытуға және мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған халықаралық Kids Athletics жобасы жүзеге асырылып келеді.

Бұған дейін жоба Алматы және Қарағанды қалаларында сәтті іске асырылған болса, енді Маңғыстау облысында жалғасын тапты.

Kids Athletics — балалар мен мектеп оқушыларының жеңіл атлетиканың бастапқы дағдыларын заманауи ойын және білім беру форматтары арқылы дамытуға бағытталған World Athletics ұйымының жаһандық бағдарламасы. Бүгінде жоба әлемнің 100-ден астам елінде табысты жүзеге асырылып келеді.

Жобаны Қазақстанның батыс өңірлерінде кеңейту аясында Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының мамандары, оның ішінде Kids Athletics бағдарламасының сертификатталған лекторлары Маңғыстау облысында педагогтер мен оқушыларға арналған оқыту курстарын өткізді.

Бағдарламаға өңірдегі 33 мектептен 120 дене шынықтыру пәні мұғалімі қатысты. Екі күн бойы қатысушылар жеңіл атлетиканың негіздері, оқытудың заманауи әдістемелері және балаларды спортпен тұрақты айналысуға тарту мәселелері бойынша теориялық және практикалық сабақтардан өтті. Сондай-ақ мектеп оқушылары үшін жеңіл атлетикадан шағын жарыстар ұйымдастырылды.

Kids Athletics жобасын жүзеге асыру бұқаралық спортты дамытуға, өскелең ұрпақ арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға және еліміздің болашақ спорт резервін даярлауға берік негіз қалайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1212872?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version