«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін есептеу тәртібі туралы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі үш деңгейден тұрады (ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақы).

2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің нормаларына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс), зейнет жасына жеткен азаматтарға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін (бұдан әрі – МБЗТ) және жасына байланысты зейнетақы төлемін алу құқығы кепілдендірілген.

Кодекстің 206-бабына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған немесе мүлде болмаған жағдайда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – КД) 70 пайызы мөлшерінде тағайындалады. Ал он жылдан асқан әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғаяды, бірақ КД-нің 118 пайызынан аспайды (34 жыл және одан көп болған жағдайда).

МБЗТ тағайындау үшін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне мыналар енгізіледі:

ынтымақты: 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі;

жинақтаушы: міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффициенті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері,   18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға күтім жасаған уақыт және т.б.                         (13 тармақ).

МЗЖ аударылуы туралы орталықтандырылған деректер базасындағы мәліметтерге сәйкес, егер бір ай ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ бірнеше рет аударылған болса, онда жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір ай болып есептеледі.

Кодекстің 248-бабына сәйкес, МЗЖ, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) жеке кәсіпкерлермен және заңды тұлғалармен, патент негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын тұлғалармен, шаруа немесе фермер қожалықтарымен, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төленеді.

Сондай-ақ, Кодекстің 256-бабына сәйкес, уақытылы ұсталып қалмаған (есептелмеген) және (немесе) аударылмаған МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ сомалары мемлекеттік кірістер органдарымен өндіріп алынады немесе агент тарапынан салымшылардың, қызметкерлердің пайдасына аударылуға жатады, бұл ретте әрбір кешіктірілген күн үшін ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

Қазіргі таңда Департамент өз тарапынан базалық төлемді тағайындау барысында еңбек өтілін есептеу кезінде зейнетақы жарналары уақытылы аударылмай заңсыз әрекеттер арқылы еңбек өтілін ұлғайтқан құжаттарға зерделеу  жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Дәлелденбеген жағдайда еңбек өтілі есепке алынбайтынын ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1211948?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version