МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті жерлестер!

    Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 1 мамыр, Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Бұл мереке – еліміздегі татулық пен келісімнің, өзара құрмет пен достықтың жарқын белгісі. Бір шаңырақ астында түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ортақ мақсат жолында еңбек етіп келеді. Осындай бірлік пен ынтымақ – біздің ең басты байлығымыз.

    Ауданымыздың дамуы мен өркендеуі әрбір тұрғынның қажырлы еңбегі мен ауызбіршілігінің нәтижесі. Сіздердің еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін зор алғыс білдіремін.

    Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Елімізде әрдайым тыныштық пен тұрақтылық болсын!

 

Ізгі тілекпен,
Бөкей ордасы аудандық мәслихат төрағасы
Лариса Қайырғалиева

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1212342?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version