№72 мекемеде ерекше мәдени іс-шара – «Күй күмбірі» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында мекеменің шаруашылық жасағында жазасын өтеп жатқан азаматтар қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы Нұрғиса Тілендиевтің музыкасына жазылған әндер мен күйлерді тыңдап, рухани әсер алды.
Сотталғандарға өнер кешін тарту еткен – Н.Тілендиевтің мемориалды музейінің маманы Нұрмуха Рысбайұлы Шаймерденов және экскурсия жетекшісі, күйші Еркін Қайратұлы Құдайберген.
Іс-шара барысында Нұрмуха Рысбайұлы композитордың әндерін жоғары деңгейде орындап қана қоймай, оның өмірі мен шығармашылығына қатысты мазмұнды деректермен бөлісті. Ал күйші Еркін Қайратұлы Нұрғиса Тілендиевтің халық жүрегінен ерекше орын алған күйлерін шеберлікпен орындады.
Өнерге толы бұл кеш ән мен күйдің жарасымды үйлесіміне айналып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Аталған мәдени шара қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі рухани-мәдени ахуалды жақсарту мақсатында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1212216?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау