28-30 сәуір аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында «Зақым келтірмей тексеру және техникалық диагностика» – NDT Qazaqstan атты конференция ұйымдастырылды. Пленарлық сессияның басты мақсаты – бұзбайтын бақылау саласында бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру. Жиын барысында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары К.А. Есенеев «Апаттардың алдын алу құралы ретінде бұзбайтын бақылау және өнеркәсіптік тәуекелдерді басқару: мемлекеттік және қадағалау органдарының рөлі» тақырыбы аясында баяндама ұсынды. Сондай-ақ өндірістік қауіпсіздікті бақылауда мемлекеттік органдардың маңызы мен диагностика нәтижелеріне сенім білдіру мәселелеріне тоқталды. Конференция нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бұзбайтын бақылаудың бірыңғай түсінігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1212262?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау