Құрметті Ақмола облысы Атбасар ауданы Ярославка ауылдық округінің тұрғындары!
Ақмола облысының Атбасар ауданы Ярославка ауылдық округінің азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері»,«өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті Ярославка ауылдық округінің азаматтары құқықтық мәселелер туындаған жағдайда, сіз жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін Атбасар ауданы, Тимашевка ауылы, мекенжайындағы құқық кабинетін пайдалана аласыз. Түскі үзіліс сағат 13.00 – ден 14.30-ға дейін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar-yaroslavl/press/news/details/1212224?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау