ШҚО-да «Достық толқынында-2026» студенттік шығармашылық фестивалі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Достық толқынында-2026» студенттік фестивалі Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1 мамырда Республика алаңында өтеді. Бұл шара қала жастарын шығармашылық пен достық атмосферасында біріктіреді.

Фестиваль аясында студенттер түрлі шығармашылық нөмірлерін ұсынып, музыкалық және би қойылымдарын көрсетеді. Ұйымдастырушылар мазмұнды бағдарлама мен жарқын эмоцияларға толы мерекелік көңіл күй сыйлауға уәде береді.

Фестиваль жастардың өзін-өзі танытуына, мәдени байланыстарды нығайтуға және студенттік бастамаларды қолдауға арналған алаң болмақ.

Барша ниет білдірушілер шақырылады. Ұйымдастырушылар достарыңызбен бірге келіп, мерекелік атмосфераны бірге сезінуге және қатысушыларға қолдау көрсетуге шақырады.

Іс-шараның басталуы сағат 18:00-ге жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1212165?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version