«СӨЗ БЕН САЗ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Әкім Ысқақ пен сазгер Мамырғали Байстың шығармашылығына арналған «Сөз бен саз» атты әдеби-музыкалық кеші өтті.
Мәдени шара барысында ақын Әкім Ысқақтың әдебиет саласындағы еңбектері мен сазгер Мамырғали Байстың музыкалық туындылары кеңінен таныстырылды.
кешке қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов, ақын Әкім Ысқақ, зиялы қауым өкілдері, білім және мәдениет саласының қызметкерлері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.
Кеш барысында жас өнерпаздар ақынның жырларын мәнерлеп оқып, сазгердің әндерін орындады. Сонымен қатар, патриоттық, тәрбиелік бағыттағы әндер шырқалып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Әрбір өнер көрсетілім көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ұлттық өнерге деген құрметті арттыра түсті.
«Сөз бен саз» кеші – әдебиет пен өнердің тоғысқан тағылымды алаңы ретінде жоғары деңгейде өтті. Іс-шара барысында ұлттық құндылықтар дәріптеліп, жас буынға өнеге болатын мазмұнды бағдарлама ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1211850?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version