«Суды үнемде – болашақты сақта!» экологиялық сағатына бір мезгілде 138 ЖОО мен колледж студенттері мен 700 мектептің оқушылары қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қазақстанның 18 жоғары оқу орнында су үнемдеу тақырыбында «Суды үнемде – болашақты сақта!» атты экологиялық сағаттар бір мезгілде өтті. Іс-шараларға офлайн форматта 4000-нан астам студент қатысты. Онлайн форматта акцияға 120 университет пен колледждің студенттері, сондай-ақ 700 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қосылды.

Спикерлер студенттерге суды ұтымды пайдалану маңыздылығы мен оны үнемдеу тәсілдері туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Вице-министр Талғат Момышев – Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы университетте.

Вице-министр Аслан Абдраимов – Қарағанды қаласындағы Ә. Сағынов атындағы техникалық университетте.

Министрлік аппаратының басшысы Дәурен Қазантаев – Павлодар қаласындағы Торайғыров атындағы университетте.

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов – Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата университетінде.

Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев – Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде.

«Қазсушар» РМК бас директорының міндетін атқарушы Ануар Өскенбаев – Петропавл қаласындағы М. Қозыбаев атындағы СҚУ-де.

«Қазсушар» РМК бас директорының орынбасары Ибадулла Мырзаев Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи университетінде экосағат өткізді.

Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков – Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде.

Стратегиялық даму департаментінің директоры Ғалым Құрман – Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы ОҚУ-де.

Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев – Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде.

Цифрландыру департаментінің директоры Ердәулет Жұмат – Орал қаласындағы Жәңгір хан университетінде.

Жерасты суы департаментінің директоры Жайық Ерікұлы – Ақтөбе қаласындағы Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университетте.

Ғылыми және инновациялық технологиялар департаменті директорының міндетін атқарушы Дидар Жәнібекұлы – Атырау қаласындағы Х. Досмұхамедов атындағы университетте.

Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Қарлығаш Нұриханова – Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де.

Су шаруашылығы құрылыстарын дамыту департаментінің директоры Сағи Үтелов – Тараз қаласындағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде.

Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары Сәкел Әтел – Жезқазған қаласындағы О. А. Байқоңыров атындағы университетте.

Су үнемдеу технологияларын дамыту департаменті басқармасының басшысы Жәнібек Нәбиев – Қостанай қаласындағы А. Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетте.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1212485?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version