Таразда 48 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласында қалалық инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қаланың әр ауданында жол желісін жақсарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған жобалар іске асырылуда.

Әулиеата ауданында 48 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар Бектөбе және Қызыл шарық тұрғын алқаптарында, Ұлы дала шағынауданының аулаларында және Ш. Жандарбеков көшесінде жаяу жүргіншілер жолын салу көзделген. Бұған қоса, Көшеней, Сенкібай, Сыпатай батыр, Көшеней көшесінің 6-переулогы, Сухамбаев көшесі және №23 мектеп маңында тротуарлар салу жоспарлануда. Сондай-ақ жол белгілерін орнату, автобус аялдамаларын қою және бірқатар көшелерде су құбырларын жаңарту жұмыстары қарастырылған.

Жібек жолы ауданында да бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Биыл 14 спорт алаңшасын жаңарту, жаңа автобус аялдамаларын орнату және жалпы ұзындығы шамамен 23 шақырымды құрайтын 35 көшеге жарықтандыру жүргізу жоспарланған. Жұмыстар алдымен шалғай орналасқан тұрғын алқаптарда атқарылады.

Сонымен қатар қалада тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл жобалардың барлығы қалада қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/1211899?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version