Smart Cargo логистиканың Бірыңғай терезенің негізінде құрылған тасымалдаудың цифрлық төлқұжаты 2026 жылғы 1 мамырдан бастап НұрЖолы автомобиль өткізу бекетінде іске қосылады.
Бұл жүк тасымалдауын бүкіл жол бойы сүйемелдейтін мобильді қосымшасындағы электрондық құжат болып табылады және автомобиль өткізу бекеттерінен өту уақытын қысқартуға бағытталған.
Сервис қолданыстағы қағаз түріндегі «айналып өту парағын» алмастырады және жүргізушінің бекеттерде ілеспе құжаттар топтамасын ұсыну қажеттілігін жояды.Оның орнына жүргізуші QR-код ұсынады, ал жүк иесіне, жөнелтушіге және тасымалдаушыға жеке кабинет арқылы нақты уақыт режимінде ақпаратқа қолжетімділікқамтамасыз етіледі.
Қазіргі кезеңде цифрлық төлқұжатты пайдалану ерікті негізде жүзеге асырылады.
Сервис туралы толық ақпарат және нұсқаулықтар, сондай-ақ қосымшаны орнатуға арналған сілтеме https://smartcargo.global/cpp мекенжай бойынша қолжетімді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1212849?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау