Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мамандары нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге байланысты оңалтудың техникалық құралдарын жеткізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға әлеуметтік қызметтер порталы мен электрондық дүкен деректері негізінде есептеуге көшуді көздейтін техникалық оңалту құралдарының құнын өтеудің кепілдендірілген сомасын айқындаудың жаңартылған әдістемесінің негізгі ережелері жеткізілді.
Жеткізушілерге жаңа тәртіптің бұрын қолданыста болған тетіктен негізгі айырмашылықтары түсіндірілді, сондай-ақ туындайтын сұрақтарға жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1211963?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау