«Ұлыстың ұлы күні – Құтты болсын!»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ұлыстың ұлы күні – Құтты болсын!»

Жылдағы дәстүрге сай Тиірмен ауылында 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі аталып өтті Іс-шара халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырып, ұлттық дәстүрлер мен рухани мұраларды жаңғыртуға арналды. Сахнада өнерпаздар қазақтың дәстүрлі әндері мен күйлерін орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шараның басты ерекшелігі – ұлттық ойындар сайысы болды. Қатысушылар арқан тарту, асық ату, қол күрес, қазақша күрес сынды жарыстарда бақ сынап, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды. Шара соңында ақсақалдар мен құрметті қонақтар ақ баталарын беріп, наурыздың әр шаңыраққа құт-береке әкелуін тіледі. Осындай берекелі басқосу ел бірлігін нығайтып, ұлттық рухымызды көтеретін маңызды мерекеге айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-tiirmen/press/news/details/1212030?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version