Бүгін Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында педагогикалық қауымдастықпен жиын өткізді.
Жиынға Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіндегі Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес мүшелері, педагогикалық қауымдастық, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Жиын барысында Конституцияға енгізілген өзгерістерге Департамент басшысы М. Бекмағанбетов, Қызылорда облысының білім басқармасының «М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры Ж.Тоғанова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты» филалының директоры Қ. Абдраманова кеңінен тоқталды.
Конституцияға енгізілген өзгерістер педагог қауымы арасында талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б. Жәнібеков Қармақшы ауданындағы білім беру ұйымдарының жәй-күйі туралы, соның ішінде аудандағы педагогтың кәсіби тұлғасын қалыптастыру, «Педагог мәртебесі» туралы Заң талаптарының орындалуы, педагогикалық әдеп нормаларының сақталуына қатысты жүргізілген жұмыстар туралы есебін берді.
Кеңес мүшелері тарапынан Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Жәнібековке педагог қауымдастығының имиджін қалыптастыру және Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заң талаптарының сақталуына қатысты ұсыныстар енгізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1211845?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау