2026 жылғы 29 сәуірде Астана қаласында 5-8 сынып оқушыларына арналған “ProEco” экологиялық жобалар конкурсының Республикалық кезеңі өтті. Жеке құрамда Малайсары ОМ-нің оқушысы Бекенова Жансұлу қатысып, өзінің ұсынған виртуалды саяхат-карта бейнеролигін таныстырып қорғады. Конкурстың қорытындысы бойынша Жансұлу 3 орынды иеленіп, республикалық конкурстың жүлдегері атанды..
Республикалық кезеңнің жүлдегері Бекенова Жансұлу мен жетекшісі Асемгуль Рахымжановна Аукенованы ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1212906?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау