Әуезов ауданында жасыл желектерді санитарлық кесу жұмыстары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әуезов ауданында жасыл желектерді санитарлық кесу жұмыстары күшейтілді

Алматы қаласының Әуезов ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалалық ортаның жай-күйін жақсарту мақсатында жасыл желектерді санитарлық кесу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

Аталған жұмыстарға 4 мердігер ұйым тартылған. Әр ұйым кемінде 3–4 қызметкерден тұратын 2 арнайы бригада мен қажетті техникамен қамтамасыз етілген.

Санитарлық кесу жұмыстары уәкілетті органның рұқсаты негізінде, сондай-ақ тұрғындардың өтініштері, бекітілген кесте және жасыл қорды күтіп-ұстау талаптарына сәйкес түрде жүзеге асырылады.

Күн сайын аудан бойынша орта есеппен 150–200 ағашқа санитарлық кесу жүргізіледі. Негізгі назар құрғақ, зақымданған және апатты жағдайдағы бұтақтарды алып тастауға бағытталған. Бұл өз кезегінде жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысы үшін қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.

❗️Жасыл желектерді кесу немесе толықтай жою мәселелері аудан әкімдігінің құзыретіне кірмейді. Аталған мәселелер Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының құзырында. Осы бағыттағы сұрақтар бойынша қалалық басқармаға жазуларыңызды сұраймыз.

Жұмыстар тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1213019?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version