Бестөбе – Степногорск учаскесінде көліктік бақылау күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде келіп түсетін өтініштерді пысықтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Қазіргі уақытта азаматтардың өтінішіне сәйкес екі жылжымалы көліктік бақылау бекеті Бестөбе – Степногорск автожол учаскесінде көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін қоса алғанда, көлік заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауда.

Аталған учаскеде бұған дейін рұқсат етілген салмақ нормаларының бұзылу  фактілері бірнеше рет анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша Инспекция тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушіге қатысты әкімшілік шаралар қабылдады.

Қабылданған шаралар өз тиімділігін көрсетті: қазіргі уақытта жүк тасымалдау белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылуда, бұл күнделікті бақылау нәтижелерімен расталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1213015?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version