МЕРЕКЕ КҮНДЕРІНДЕГІ ХҚКО ЖӘНЕ МХҚКО ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының (МХҚКО) мамыр айындағы мерекелік күндердегі жұмыс кестесін хабарлайды.
Атап айтқанда, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне орай 1, 7 және 9 мамыр күндері орталықтар жұмыс істемейді.
Ал 2 және 11 мамыр күндері кезекші орталықтар қызмет көрсетеді. Бұл күндері ХҚКО-лар сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүргізіліп, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.
Айта кетейік, мереке күндерінен тыс уақытта барлық ХҚКО мен МХҚКО, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, қалыпты жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді.
Кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лардың нақты тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 бірыңғай байланыс нөмірі арқылы білуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1212925?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version